UMEKO – заманауи және қарқынды дамып келе жатқан компания
UMEKO – сапалы тұрмыстық техника мен инновациялық өнімдерді сатумен айналысатын тұрақты компания. Біз клиенттерге жоғары деңгейдегі сервис ұсынып, қызметкерлерімізге кәсіби даму мен жоғары табыс табу мүмкіндігін береміз.
Қазіргі таңда командаға сату менеджерлерін іздейміз!
Міндеттері:
-
Дайын, жылы клиенттерге қоңырау шалу (холодный звонок жоқ);
-
Телефония арқылы клиенттерге сапалы және түсінікті консультация беру;
-
Өнімнің ерекшеліктері мен артықшылықтарын толық әрі дұрыс түсіндіру;
(техника бойынша толыққанды оқыту жүргізіледі); -
CRM жүйесінде деректерді дұрыс жүргізу және жұмыс жасау.
Талаптар:
-
Қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлеу;
-
Клиенттермен тиімді коммуникация орната білу;
-
Қоңырау шалудан қорықпау, белсенді болу;
-
Жоғары табыс табуға деген мотивация;
-
Офисте штаттық режимде жұмыс істеуге дайындық.
Ұсынылатын шарттар:
-
Тұрақты оклад – 100 000 ₸ + сатылымнан 10%-дан бастап бонус + премиялар;
-
Жалақы 2 апта сайын, уақытылы төленеді;
-
Жұмыс кестесі: 6/1, 10:00–19:00;
-
Қызметкерлерге арналған жолдамалар, бағалы сыйлықтар, заманауи тимбилдингтер;
-
Дамушы компанияда мансаптық өсу мүмкіндігі.
Біз кімдерді іздейміз?Біз командаға өз ісіне жауапты, нәтижеге бағытталған және дамуға ұмтылатын мықты мамандарды күтеміз.
Егер сіз сатуды жақсы көрсеңіз, адамдармен жұмыс істеуден ләззат алсаңыз және жоғары табысқа қол жеткізгіңіз келсе – UMEKO сіз үшін дұрыс орын!Біздің ұжымда тек кәсіби өсу ғана емес, тұрақты табыс, қолдау және үлкен мүмкіндіктер бар.
Күшті мамандармен бірге жұмыс істеуге дайынбыз – сізді өз командамызда күтеміз!