SHANYRAQ STUDY

Менеджер по продажам

500 000 - 1 500 000 KZT
  • Алматы
  • От 1 года до 3 лет

Сату менеджері | Shanyraq Study 🔥

Адамдармен тез тіл табысасың ба? Жаңа нәрсені тез үйреніп, еңбегіңнің нәтижесін көргің келе ме? 👀 Онда бізбен танысатын уақыт келді!

Shanyraq Study — 10 жылдық тарихы бар білім беру орталығы. Біз балалар мен ересектерге робототехника, математика және қазақ тілі бойынша онлайн курстар ұсынамыз. Қазір командамызға жаңа мүмкіндіктерге ашық, дамуға және нәтижеге ұмтылатын сату менеджерін іздейміз!

Бізде сені не күтеді?

- 200 000 ₸ тұрақты жалақы + 300 000 ₸-ден басталатын бонус

- Күніне 15–20 ыстық өтінім — клиенттерді нөлден іздеудің қажеті жоқ

- Алғашқы күннен бастап оқыту және жетекшінің қолдауы

- 5/2 жұмыс кестесі, 11:00–20:00

- Алматыдағы жайлы кеңсе, командалық іс-шаралар мен мотивациялар

- Кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндігі

Жұмысың қандай болады?

— Клиенттермен байланысып, онлайн курстарымызды таныстыру
— Клиенттің қажеттілігін анықтап, қолайлы оқу курсын ұсыну
— Сұрақтар мен қарсылықтармен жұмыс істеу
— Сатылымды сәтті аяқтап, клиентті оқу бөліміне тапсыру

Біз қандай адамды іздейміз?

Адамдармен еркін сөйлесетін, тез үйренетін, қиындықтардан қорықпайтын және нәтижеге жұмыс істейтін адамды. Сату саласындағы тәжірибе артықшылық болады, бірақ ең бастысы — үйренуге деген ниет пен даму мүмкіндігін жіберіп алмау!

Біз бастамашылдықты, ашық қарым-қатынасты және командада жұмыс істей білуді бағалаймыз. Әр күнің оңай өтеді деп уәде бермейміз, бірақ бірге дамуға мүмкіндік көп! 😉

Өзіңді біздің командамыздан көріп тұрсың ба? 🔥

Вакансияға отклик қалдыр — танысып, барлық шарттарды бірге талқылайық!