SHAM SCHOOL

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

От 450 000 KZT
  • Алматы
  • От 3 до 6 лет
  • Организаторские навыки
  • Управление командой
  • Мотивация персонала
  • Стратегическое мышление
  • Креативность
  • Обучение и развитие
  • Умение работать в коллективе
  • Умение планировать
  • работа с детьми
  • Английский — C1 — Продвинутый
  • Казахский — C2 — В совершенстве
  • Русский — C2 — В совершенстве

SHAM SCHOOL мектебіне тәрбие жұмысына жауапты маман қажет!

SHAM SCHOOL командасына оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосатын, жаңашыл идеяларға ашық, балалармен ортақ тіл табыса алатын және тәрбие жұмысын жаңа форматта ұйымдастыруға дайын маман іздейміз.

Негізгі міндеттері:

  • Мектептің тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Оқушылардың тұлғалық дамуына, көшбасшылық қабілеттеріне және әлеуметтік дағдыларына бағытталған жобалар ұйымдастыру;
  • Мектепішілік іс-шараларды, шығармашылық кездесулерді, тақырыптық апталықтар мен әлеуметтік бастамаларды үйлестіру;
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қолдау көрсету;
  • Мектепте сыйластыққа, қауіпсіздікке, жауапкершілікке және өзара қолдауға негізделген орта қалыптастыру;
  • Ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу;
  • Оқушылардың қызығушылықтары мен бастамаларын қолдап, олардың мектеп өміріне белсенді араласуына жағдай жасау.

Үміткерге қойылатын талаптар

  • Педагогикалық немесе тиісті бағыттағы жоғары білім;
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі болғаны жөн;
  • Жоспарлау, ұйымдастыру және коммуникация дағдылары;
  • Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге қызығушылық;
  • Заманауи білім беру тәсілдеріне ашықтық;
  • Ұйымдастырушылық қабілет, белсенділік және эмоционалдық тұрақтылық.

Біз ұсынамыз:

  • Педагог еңбегін бағалайтын заманауи әрі кәсіби ұжымда жұмыс істеу;

  • Ресми жұмысқа орналасу;

  • Кәсіби дамуға қолдау көрсету: тренингтерге, біліктілікті арттыру курстарына және әдістемелік кездесулерге қатысу мүмкіндігі;

  • Жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар, жайлы сыныптар мен дамыған инфрақұрылым;

  • Тату, ұйымшыл және қолайлы атмосфера қалыптастырған ұжым;

  • Мектеп есебінен тегін түскі ас;

  • Үміткердің тәжірибесі мен біліктілігіне сәйкес бәсекеге қабілетті жалақы.