БІЛІМ CONSULTING

Сапа және қамқорлық бөлімінің маманы

Не указана
  • Астана
  • От 3 до 6 лет
  • Деловое общение
  • Точность и внимательность к деталям
  • CRM
  • Bitrix24
  • Грамотная письменная речь
  • Google Sheets/Excel
  • Анализ данных
  • Ведение отчетности
  • Аналитическое мышление
  • Казахский — C2 — В совершенстве
  • Русский — C2 — В совершенстве

GeOnline — ҰБТ-ға дайындық бойынша онлайн-мектеп. Біздің командамызда 270-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Біз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларға сапалы білім беріп, грантқа түсуге көмектесеміз.

Қазіргі уақытта біз Сапа және қамқорлық бөлімін дамытып жатырмыз. Бізге оқушылар мен ата-аналардың өтініштерімен жұмыс істейтін, мәселелерді шешуге және қызмет сапасын жақсартуға үлес қосатын маман қажет.

Сіздің міндеттеріңіз:

  • Оқушылар мен ата-аналардың қаражатты қайтаруға қатысты өтініштерін алғашқы қоңыраудан бастап мәселе толық шешілгенге дейін жүргізу: өтініштің нақты себебін анықтау, ықтимал шешім жолдарын ұсыну және шарт талаптарына сәйкес қаражатты қайтару рәсімін ұйымдастыру;
  • Оқушылармен және ата-аналармен сұхбат жүргізу: оқу үдерісінде не ұнайтынын, қандай қиындықтар кездесетінін және оқуды тоқтатуға не себеп болатынын анықтау;
  • Барлық өтініштерді кестеде және CRM жүйесінде тіркеу және есепке алу;
  • Ай сайын өтініштердің негізгі себептері бойынша есеп дайындау, курс пен қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Академиялық бөліммен, сату бөлімімен және қаржы бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істеу.

Қойылатын талаптар:

  • 10–11 сынып оқушыларымен немесе олардың ата-аналарымен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 2 жыл (мұғалім, репетитор, куратор, әдіскер);
  • Қазақ және орыс тілдерін ауызша және жазбаша еркін меңгеру;
  • Күрделі әңгімелерді сабырмен жүргізе білу: адамның эмоциясын түсіну және сонымен қатар келісілген талаптар мен міндеттемелерді сақтай білу;
  • Google Sheets немесе Excel бағдарламаларында сенімді жұмыс істей білу;
  • Ұқыптылық, ізденімпаздық және жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті сұрақтарды қоя білу.

Қосымша артықшылық болады: ҰБТ-ға дайындық немесе онлайн-білім беру саласындағы тәжірибе, Bitrix24 CRM жүйесін меңгеру.

Біз не ұсынамыз:
  • Операциялық директормен бірге нөлден бастап жаңа бағытты қалыптастыру мүмкіндігі;
  • Өнім мен қызмет сапасын жақсартуға тікелей ықпал ету: сіздің талдауларыңыз бен ұсыныстарыңыз басшылық деңгейінде қарастырылады;
  • Үздік қызметкерлер үшін компания есебінен шетелге саяхат;
  • Қазақстан оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін, маңызы бар жобаның бір бөлігі болу;
  • Ресми жұмысқа орналасу.

Жұмыс шарттары:

  • Формат: офлайн, Астана
  • Жұмыс кестесі: 6/1.