Daryn.online — 2019 жылдан бері білім беру саласында жұмыс істеп келе жатқан EdTech-компания. Біз оқушыларды Қазақстанның жетекші мамандандырылған мектептеріне: НЗМ, БИЛ және «Дарын» мектептеріне түсуге дайындаймыз.
Командамызды кеңейту мақсатында орыс тілін жетік меңгерген, оқыту тәжірибесі бар және оқушылардың нәтижесіне бейжай қарамайтын маман іздейміз.
Міндеттеріңіз қандай болады:
- Оқушыларды НЗМ, БИЛ және «Дарын» мектептеріне түсуге орыс тілі пәнінен дайындау;
- VIP топтарда онлайн сабақ өткізу;
- Оқушылардың білім деңгейі мен оқу нәтижесін бақылау;
- Компания ұсынған дайын оқу материалдары мен презентацияларды пайдалану.
Негізгі талаптар:
- Орыс тілі пәні бойынша кәсіби білімі болуы;
- Орыс тілін жетік меңгеруі;
- Оқыту саласында тәжірибесі болуы;
- Балалармен жұмыс істей білуі және олардың назарын сабаққа аудара алуы;
- Жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет және нәтижеге жұмыс істеу дағдысы;
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс форматы: толықтай онлайн;
- Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні;
- Жұмыс уақыты: күндізгі екі ауысымда да сабақ өткізуге дайын болуы қажет;
- Төлем: бір сабақ үшін 3 000 ₸-ге дейін;
- Айлық табыс: жүктеме мен топ санына байланысты 150 000–200 000 ₸ бастап;
- Қосымша бонустар қарастырылған.
Бізден сізге қосымша ұсынылады:
- Дайын оқу бағдарламалары мен сабақ материалдары;
- Презентациялар мен әдістемелік қолдау;
- Толықтай қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Кәсіби даму және тәжірибе жинақтау мүмкіндігі;
- Білімге қызығушылығы жоғары оқушылармен жұмыс.
Егер сіз өз пәніңізді жақсы көретін, балаларға білім беруге қызығатын және оқушылардың жетістігіне үлес қосқысы келетін маман болсаңыз, командамызға қосылыңыз!